Шығармашылыққа шабыттандыратын ұстаз

Бүгінгі таңда әр баланың шығармашылық әлеуетін ашу аса маңызды. Бұл ретте оқушылардың қабілеттерін сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен дамытатын ұстаздардың орны ерекше.

«Кванториум» техникалық шығармашылық орталығында оннан астам түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. Қаланың түкпір-түкпірінен келген балалар бұл үйірмелерге қуана қатысып, өз таланттарын ашып, шабыт алады. Солардың ішінде ерекше танымалдылыққа ие –  «АРТ-терапия» үйірмесі. Бұл үйірмеде балалар бейнелеу өнерінің сиқырлы әлемімен танысып, дәстүрлі және дәстүрден тыс сурет салу техникаларын меңгереді, түстер мен формалар арқылы өз эмоцияларын жеткізуді үйренеді.

Үйірменің жетекшісі –  Гүлнәра Серікқызы Каримолдина, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, қосымша білім беру педагогы. Ол бұл салада 18 жылдан бер  үлкен сүйіспеншілікпен еңбек етіп келеді.

Гүлнәр Серікқызы балаларға тек сурет салуды үйретіп қана қоймайды –  ол әрбір балаға өзіне деген сенімділікті сезінуге, шығармашылық арқылы ішкі сезімдерін жеткізуге және қоршаған әлемнің сұлулығын көруге көмектеседі. Оның кәсібилігі, мейірімділігі және әр оқушыға деген шынайы ықыласы сабақтарды нағыз өнер мерекесіне айналдырады. Оның оқыту әдісі –  бұл тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, шабыттандыру. Ол тіпті ең ұяң балалардың бойындағы шығармашылық отын жаға біледі, сабақта жылы әрі сенімді  қалыптастырады.

Гүлнәр Каримолдина – өз талантын және өнерге деген сүйіспеншілігін балалармен аянбай бөлісетін ұстаз. Ол шәкірттеріне сұлулық, қиял мен мейірімге толы шексіз әлемнің есігін ашады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.

6 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар