Пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Бурабай ауданының Щучье көлі жағалауында игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды. Шипажай аумағындағы 3 гектар жер 10 жылдан астам уақыт пайдаланылмай келген.

Жер иесіне 2023 жылы учаскені игеру туралы нұсқама берілген. Бірақ, бүгінге дейін ешқандай шара қабылданбады. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 55 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтіп, фермерлер мен ауыл тұрғындарына берілді.

–Тексеру нәтижелері бойынша жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, – дейді Бурабайдағы жағдай бойынша облыс прокурорының көмекшісі Меруерт Байболова.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар