Балаларға – тегін демалыс

Жаз және жастүлек

Зерендідегі «Сұңқар» сауықтыру кешенінің базасында El Úmiti CAMP-2025 жазғы лагері өз жұмысын бастады. Бұл жай ғана демалыс орны емес, мөлдіреген ашық аспан астындағы медиа мектеп.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар болашақ мамандықтар әлеміне енеді. Мобильді түсірілім әдіс-тәсілдерін меңгереді, әлеуметтік коммуникациялар бойынша тренингтер өткізеді. Медиа индустрия саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сағаттарына қатысады.

Жанға жайлы, тамаша табиғат аясындағы, бал күлкілі балалық шақтың естен кетпес кезеңі іспетті лагерьді El Úmiti CAMP корпоративтік қоры ұйымдастыруда. Құр атқа мінгендей тыңайтып, балғындардың бойына күш-қуат құятын демалыс сәтінен бөлек бұл жерде өнер, білімді үйренбек. Ең бастысы, 14 пен 18 жас аралығындағы ең белсенді 200 оқушы тегін дем алады.

–Балалармен жұмыс бағдарламасы кең ауқымды, – дейді жоба үйлестірушісі Наркес Тоқышова, – негізгі бағдарлама екі бағытта. El Úmiti CAMP қатысушыларына мобилография курстары ұсынылса, өзгелеріне «Суретке түсіру негіздері» және кәсіби мамандандыру бағытында тренингтер ұсынылады.

Лагерьдің бағдарламасы білімге ғана емес, балалардың бойындағы жеке қасиеттерді ұштап, ынталандыруға да бағытталған. Олар бұл жерде спорт сайыстарына, зияткерлік квестерге, алуан тақырыптағы пікір сайыстарға қатысып, ұлттық ойындар ойнайды.

Қор бастамасымен жоба төртінші жыл өткізілуде. Осы уақыттың ішінде 600-ден астам жасөспірім тегін дем алды.

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар