Мерей

Облыс орталығы Көкшетау қаласында бүгінгі таңда халыққа медициналық қызмет көрсету ісін мемлекеттік және жекеменшік бірнеше емхана іске асыруда. Солардың ішінде Е.Әуелбеков көшесінде орналасқан «Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шоқтығы биік. Аталмыш емдеу орнына 2018 жылдан бері облысымыздың денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелі де білікті дәрігерлердің бірі Ғалия Зиябекқызы Сабатаева жетекшілік етіп келеді.

Емхана күн сайын екі ауысыммен жұмыс істеп, бір мыңнан астам науқасты қабылдайды. Қаладағы халық көп келетін емханада науқастардың сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етілуіне барлық жағдай жасалған. Мұндағы білікті дәрігерлердің көмегімен бірге, толыққанды ем алуға болатын күндізгі стационардың жұмысы да талапқа сай жолға қойылған.

Осы уақытқа дейін бірнеше аккредиттеуден табысты өткен емхана бүгінгі таңда бірінші санатты емдеу орны болып табылады. Мұнда 400-ден астам орта буын медициналық қызметкерлеріне қоса, 103 дәрігер күнбе-күн қала тұрғындарының денсаулық күзетінде тұрса, осы сан қырлы, күрделі жұмысты ұйымдастыруда бас дәрігердің еңбегі зор екені анық.

Суретте: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Зиябекқызы Сабатаева.

Суретті түсірген Нұрболат Бектұрғанов.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар