Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес  2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 11.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына «Ақмола облысының туристік саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы», «Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есеп» және басқа да сұрақтар енгізіледі.

Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/17y8W41uaY/ 

 Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар