Елдің дамуына ықпал ететін жаңашылдықтар басым

Олжас ЖАҒЫПАРОВ,
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы 

Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауы да Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Сондай-ақ, іргелі міндеттер, түйінді тапсырмалар тізбектелген бұл Жолдау болашақтың бағдар шамы іспеттес. 

Жалпы, Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгілеп берген басымдықтарды сапалы әрі дер кезінде жүзеге асыру әділетті Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына және тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтуға тың серпін береді.

Президент айтқан бастамалар мен міндеттер еліміздің болашағы үшін жаңа кезеңнің бастамасы деп санаймын.  Әсіресе, Жасанды интеллект саласын дамыту мен Парламент құрылымын өзгерту мәселелері ерекше назар аударуға тұрарлық. Жасанды интеллект министрлігін құру туралы ұсыныс қазіргі заманғы талаптар мен тенденцияларға негізделген дұрыс және уақытылы шешім деп ойлаймын. Бұл бастама цифрлық трансформацияны барынша жеделдетуде және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқаратын болады.

Мен Президенттің цифрлық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аудару қажет дегенін толық қолдаймын. Жылдам интернетке қол жетімділікті кеңейту қала мен ауыл адамдарына ауадай қажет болып отыр. Бұл ауыл халқына, ауыл жастарына білім алып,  жұмыс  істеуіне және  кәсіп ашып, үлкен жетістіктерге жетуге тең мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында екі палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке көшу туралы маңызды бастама көтерді. Бұл шешім елдің саяси жаңғыруының жаңа кезеңінің көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, екіжақтылық жүйесінен біркелкілікке көшу – бұл заң шығарушы органның тиімділігін арттыруға және депутаттық жауапкершілікті нақтылауға жасалған қадам.

Белгіленген тәртіп, қалыптасқан жүйеден қолайлы болатын, қоғаммен сапалы әрі ашық, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу депутаттар үшін  үлкен жауапкершілік. Бір палаталы Парламент өңірлердің өкілдігін күшейтуге және заң шығарушы органның жұмысын азаматтардың сұранысына жақындатуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, бұл өзгеріс мемлекеттік саясатты жедел қабылдауға және жүзеге асыруға ықпал етеді. Біз Степногорск қалалық мәслихат депутаттары бұл бастаманы толығымен қолдаймыз.

Жолдауда Мемлекет басшысы мәслихаттардың рөлін күшейту және әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде жұмыс істейтін барлық азаматтар үшін маңызды.

Мәслихат – әр өңірдің тұрғындарын толғандыратын мәселелерді талқылауға және шешуге арналған нақты алаң. Әкімдіктермен бірлескен жұмыс ашықтық, жауапкершілік және әріптестік қағидаттарына негізделеді. Тек осылай басқару ғана сапасын арттыруға, ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз етуге және азаматтардың өмірінде нақты жақсартуларға қол жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы  жаңа тарихи жағдайларда мемлекет дамуының стратегиялық векторын айқындайтын бағдарламалық құжат. Аталған бастамалар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, адами капиталды дамытуға, ресурстарды әділ бөлуге және демократиялық институттарды одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Мәслихат депутаттары үшін Мемлекет басшысының Жолдауы нақты іс-қимылға бастайтын, бел шешіп жұмысқа кірісу алдындағы серпіліс. Біз қабылданған шешімдерді  іске асыру кезінде өкілді және атқарушы органдардың бірлескен және үйлестірілген жұмысын назарға ала отырып,  қоғамның белсенді қатысуын талап ететін нақты жоспарларды қарастыратын боламыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дәйекті дамуын қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ, бүгінгі бас құжатта заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған маңызды міндеттер де нақтыланып, белгіленді.  Біз Президенттің бағытын қолдаймыз және Жолдауда көрсетілген әрбір қадам нақты нәтижелерде көрініс тауып, тәуелсіз Қазақстанды нығайтуға ықпал етуі үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар