Азат елдің ардақты Ата Заңы

Дөңгелек үстел

Біздің елімізде 30 тамыз күнтізбеге Ата Заңымыз қабылданған күн болып енді. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастыруға қол жеткізілген бұл күн жыл сайын біздің республикамызда негізгі мерекелердің бірі ретінде кең көлемде аталып өтіледі.

Бұл ретте, биылғы жыл тіпті, ерекше. Өйткені, қазіргі Конституцияның қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр.

Конституция – мемлекеттіліктің басты белгісі, елдегі барлық заңдардың қайнар көзі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. «Ата Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» деген сөздің мәні осыдан туындайды.

Жуырда осы мереке алдында «Достар» мәдениет сарайының жанындағы Көкшетау қалалық кітапханасында «Елімнің еркіндігі – Ата Заңда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты оқырмандар арасында елдің даму тарихы туралы білімді қалыптастыру, ұлттық сана-сезімді, саяси сауаттылықты арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында қалалық кітапхананың қызметкерлері алдымен, Конституцияға арналған кітап көрмесіне шолу жасап, одан кейін жиналғандарды Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  бас маманы  Ерік Мұратбеков ұлық  мерекемен  құттықтады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Ерлан Наурызбаев, Ғалымтай Төлепбергенов және Қадыржан Бейбарыс «Ата Заң – Тәуелсіз  Қазақстанның  құқықтық  негізі» атты тақырыпта сөз алып, бірі ғалым, бірі әскери қызметкер болып табылатын осы азаматтар тарапынан еліміздің дамып-өркендеуі, оған бас болып отырған Ата Заңымызға қатысты бірқатар маңызды мәселелер ортаға салынды. Сөйтіп, Конституцияға арналған мазмұнды диалог өтті. Атап айтқанда, Ата Заңымыздың қабылдану тарихы, оның негізгі баптары, онда еліміздің азаматтарының көрініс тапқан құқықтары мен бостандықтары, олардың сақталуы туралы әңгіме қозғалды.

Іс-шара соңында «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық тобы өз өнерлерін көрсетті. Сөйтіп, Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуы құрметіне өткізілген дөңгелек үстел өз мақсатына жетіп, көңілден шыққан мәнді іс-шаралардың бірі болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар