Әр ауылға – өрт сөндіру бекеттері

Игі бір іс

Жуырда Новоромановка және Байдалы ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аудан орталығынан шалғай елді мекендерде осындай маңызды нысандардың ашылуында аудан әкімі Серік Құдабай сөз алып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау бірінші кезектегі міндет екенін, ауылдарда заманауи өрт сөндіру бөлімшелерінің құрылуы төтенше жағдайларға жедел ден қоюда шешуші рөл атқаратынын айтты.

Бекеттердің ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар жаңа бөлімшелердің техникалық құрал-жабдықтарымен, өрт сөндіру машиналарымен танысып, жеке құраммен кездесті. Бір айта кетерлігі, ауданда қазірдің өзінде өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде ашылған 6 өрт сөндіру бекеті бар.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға көмектесіп қана қоймай, осындай жағдайларда өздерінің тиісті қорғау шараларымен қамтылатынына сенімін нығайтады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар