«Новопэк» ЖШС студенттермен кездесті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен Ш. Уәлиханов атындағы университеті қабырғасында, «Новопэк» ЖШС студенттермен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты: 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру, жұмыстың көрсетілімі, ашық бос жұмыс орындары мен жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктері туралы таныстыру, сондай-ақ алдағы уақытта бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.

Аталған шараға, «НОВОПЭК» ЖШС кәсіпорнының «HR» даму бөлімінің бастығы – Мөлдір Кайрушева, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы – Шыңғысхан Елеш және аталмыш оқу орнының оқытушылары мен «Химия және биотехнология» кафедрасының студенттері қатысты.

Шара барысында «НОВОПЭК» ЖШС кәсіпорнының бос жұмыс орындары және мансаптық мүмкіндіктер жайлы диалог алаңы өткізілді.

«Толық циклді өндіруші кәсіпорын ретінде біз кез келген сусымалы жүкке арналған орау шешімін ұсынуға дайынбыз. Бүгінгі таңда біз өзімізді ұн, жарма, қант, тұз, күкірт, селитра, цемент, мыс концентраты, ферроқорытпалар және т. б. қаптамаларды шығаратын үздік компания ретінде таныттық. Жыл сайын 500-ден астам компания бізді таңдайды және біздің қаптамадағы өнімнің сапасын сақтауға сенеді. Новопэк-тің негізгі бәсекелестік артықшылықтары жоғары әлеуетке ие, персоналды үздіксіз оқыту тұжырымдамасын іске асыру және бизнес-процестерді автоматтандыру болып қала береді.

Сонымен қатар, біз жыл сайын студенттерді өндірісте практика өтуге шақырамыз. Сондай-ақ ақысы төленетін практикаға да аламыз. Бұл дегеніміз алдағы уақытта жұмысқа орналасуға да септігін тигізері сөзсіз. Көптеген жастар бізге келіп жұмысқа орналасып жатады. Олар үшін көптеген мүмкіндіктер жасалған. Шеттен келгендер өндірістің арнайы жатақханасында тұрады. Жылына орташа есеппен санағанда 50-60 жас азаматтар түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасып жатады» — дейді өз сөзінде «HR даму» бөлімінің бастығы – Мөлдір Кайрушева.

Шара соңында студенттерге кәсіпорын атынан имидждік бас қақпақтары мен блокноттар таратылды.

Ізгі құрметпен,
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар