Шамшырақ
Ұстаздық – адам жанына сәуле құятын, ұлт болашағына жол ашатын ұлы мамандық. Осындай жауапты да абыройлы жолда талмай еңбек етіп келе жатқан Жалтыр орта мектебіндегі ардақты ұстаздарымыздың бірі – Гүлдана Бекболатқызы Ысқақова.
Гүлдана Бекболатқызы өзінің педагогикалық қызметін жиырма бес жыл бұрын бастап, бүгінгі күні білім беру саласында мол тәжірибе жинаған. Ол шәкірт жүрегіне жол таба білген, ұжымда беделі биік ұстазға айналды. Оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік пен парасат, еңбекқорлық пен ізгілікті сіңіре білетін нағыз тәлімгер.
Шәкірт тәрбиелеуде жауапкершілігі зор ұстаз әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның қабілеті мен дарынын дамытуға күш салады. Бүгінде оның қанаттандырған шәкірттері түрлі салада еңбек етіп, ұстаз еңбегін ақтап жүр.
Әріптестері арасында да үлкен құрметке ие. Ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, әдістемелік тәжірибесімен бөлісіп, ұжымдағы ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайтуға үлес қосып келеді.
25 жылдық табанды еңбегі – ұстаздыққа деген адалдығының айқын көрінісі. Ол үшін ұстаздық – жай мамандық емес, өмірлік мұрат.
Сондықтан, аудандық білім бөлімі атынан Гүлдана Бекболатқызын мерейлі қуанышымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс, шәкірттері тарапынан толассыз жетістік тілейміз.
Райхан ӘБІШЕВА,
Астрахан аудандық білім бөлімінің әдіскері.
![]()

