«Өмірде де, өнерде де 50 жыл» атты кітаптың тұсауы кесілді!

«Кітап- AMANAT» орталығында  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері  Мара Есмұханқызының өмірбаяндық «Өмірде де, өнерде де 50 жыл» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер кешті жүргізген Марал  Жақыпова Мара Қарапақызының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, кешке келген жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, журналист-жазушы Серік Жетпісқалиев,  еліміздің Еңбек сіңірген әртісі, дүлдүл әнші Бисара Мәкенова, профессор Сәбит Жәмбек жылы лебіздерін білдіріп, Болат және Мара Есмұхановтардың шығармашылығына шолу жасап, олардың өнер жолындағы ізденістері мен ел мәдениетіне қосқан үлесін кеңінен баяндаса, облыстық филармониядағы әріптестері  дәстүрлі әншілер Сәрсенбай Хасенов пен Жанат Есов  ән мен жырдан шашу шашты.

Мара Есмұханова – Ақмола облысының мәдениет саласына айрықша еңбегі сіңген тұлға. Ол сахна мен сөз өнерін қатар дамытып келе жатқан тәжірибелі әртіс, режиссер, сценарист әрі қаламгер. Ұзақ жылдар бойы өңірдің мәдени өмірінде белсенді қызмет атқарып, бүгінде әншілік қызметімен  қатар жас буынды өнерге баулып келе жатқан аға ұрпақ десек, артық айтпағанымыз.

Мара Есмұханованың 19 қазан күні «Туған жерім – тұғырым» атты шығармашылық кеші өтеді.  Келіңіздер, көріңіздер, тамаша кештің куәсі болыңыздар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар