«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы кітапханашыларды құттықтады

24 қазан — Қазақстан кітапханашылары күні. Бұл кәсіби мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен белгіленіп, кітапхана саласы қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге арналған маңызды күнге айналды.

Осыған орай, бүгін Қалалық ақпараттық-кітапханалар жүйесінде партиямыздың серіктесі — «Кітап–AMANAT» орталығының амбассадоры, ақын, балалар жазушысы, журналист Серік Сапарұлы Жетпісқалиевтың бастамасымен кітапханашылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиынғ өтті.

Партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова іс-шараға арнайы қатысып, кітапхана саласында белсенділік танытып жүрген партия мүшелерін құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Көкшетау қаласының кітапханалар жүйесіне қарасты бірнеше кітапхана қызметкерлері атап айтқанда, Бірлік, Станционный, Красный Яр ауылдарындағы кітапханалар мен мәдениет үйлері жанындағы кітапханалардың қызметкерлері кәсіподақ ұйымының марапаттарына ие болды. Сондай-ақ, салаға сіңірген еңбегі үшін бірнеше кітапханашы арнайы төсбелгілермен марапатталды. Бұл марапттарды қалалық мәдениет, спорт, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева, қалалық кітапхана жүйесінің жетекшісі Серік Жетпісқалиев табыстады.
Бүгінгі цифрлық дәуірде кітапхана жастар мен білімнің, руханият пен дәстүрдің арасындағы алтын көпір. Ол мәртебесі биік, рухани құндылықтарды сақтап, ұрпаққа жеткізетін киелі шаңырақ. Қазіргі заманда кітапханашылар ақпарат тасқынында бағыт-бағдар беруші, білімнің шырақшысы, ұлт руханиятының жанашыры.

Барша кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбекте табыс пен шабыт тілейміз!

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар