Аудан орталығы Атбасар қаласында бүгінгі жол құрылысы жұмыстарында аса қажет жаңа асфальт зауыты ашылды.
Құны 1,6 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба өңірдің жол-құрылыс инфрақұрылымын дамытуға және жол жамылғысының сапасын арттыруға бағытталып отыр.
Зауыттың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Кенеш Әлімжанов пен облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымхан Саханов қатысып, осы зауытты іске қосқан «ABB CONSTRUCTION» ЖШС-ның өндірістік үдерісімен және техникалық мүмкіндіктерімен танысты.
Компания директоры Айк Бадалян қонақтарға сапа мен экологиялық қауіпсіздік талаптарына толық сай келетін заманауи жабдықтарды таныстырды. Ол кәсіпорынның іске қосылуы аудан мен көршілес өңірлердің қажеттілігі үшін тұрақты түрде асфальт өндіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіндігіне сендірді.
– Бұл кәсіпорынның ашылуы ауданымыздың дамуы үшін үлкен маңызға ие. Жаңа зауыт жол жөндеу жұмыстарының сапасын едәуір арттырып, өзге өңірлерден жеткізілетін материалдарға тәуелділікті азайтады. Бұл – Атбасар ауданы үшін инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызды қадамы, – деп атап өтті аудан әкімі Кенеш Әлімжанов.
Қазіргі таңда жаңа зауыт іске қосылып, өз өнімін бере бастады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.
![]()

