Еңбегімен еңселі
Үлкен корпорацияда жолыңнан тайып, адасып кетуің, ойлағаныңдай болмауы оңай. Жүздеген қызметкерлер, ондаған бөлімдер, тұрақты өзгерістер, жаңа міндеттер, қатаң ережелер… Мамандықтың алғашқы қадамдарын жасағандар үшін бұл өте қиын.
Бірақ, «Қазақтелеком» АҚ Ақмола филиалында мұндай жаңадан келгендердің қызмет ырғағына сенімді кіруге және команданың бір бөлігі болуға көмектесетін адамы бар. Ол жалпы қызмет көрсету орталығының (БҚКО) кадрлар жөніндегі маманы Несібелді Әшкенқызы Жүсіпова.
37 жылдан астам уақыт бойы инженерден тәжірибелі кадр қызметкеріне, тәлімгерге және ұйымдастырушыға дейінгі жолдан өткен Несібелді Әшкенқызы өзінің еңбек жолын 1987 жылы Көкшетау өндірістік-техникалық байланыс басқармасында бастаған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтының түлегі, жас инженер өзін бірден жауапты және еңбекқор маман ретінде көрсетті. Аудандар бойынша жиі іссапарлар оны қорқытпады, керісінше кез-келген тапсырманы құлшыныспен қабылдады. Ешқандай боран да, күннің кеш уақыты да бұл жігерлі адамды сол сапарлардан тоқтата алмады.
1989-2008 жылдары Несібелді Әшкенқызы Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Қатардағы инженер, маман, жетекші маман, жылжымайтын мүлік әкімшісі болды. Жаңа бөлімге әрбір ауысу ол үшін мансаптық кезең ғана емес, білімі және тәжірибесімен жаңа қызметкерлермен бөлісу мүмкіндігі еді.
2009 жылдан бастап ол персоналды басқару саласындағы мансабын жалғастырды, ал, 2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ында кадрлар жөніндегі маман болып ауысты және осы қызметінде табысты жұмыс істеп келеді. Ол бұл күнде тек қана кадр қызметкері ғана емес, команда үшін сенімді тірек. Ол кадрлық әкімшілендіру бағытында сервистік фабрика жобаларының белсенді қатысушысы. Оның қамқорлығында қызметкерлердің 827 жеке ісі бар және әрбір жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару мінсіз әрі уақытында өтеді.
Тәлімгер ретінде ол аймақтарда ондаған кадрлық қызмет мамандарын оқытты. Оның егжей-тегжейлі назар аударуының арқасында ешқандай аудит заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Оның жоғары біліктілігін жас мамандар да жиі атап өтеді.
Несібелді Әшкенқызының кәсібилігі мен көп жылғы еңбегі өңірлік деңгейде жоғары бағаланды. 2025 жылы ол «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды. Конкурс қорытындысы бойынша оның құжаттары республикалық кезеңге қатысу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді. Бұл –оның корпоративтік мәдениет пен ұрпақтар сабақтастығын дамытуға қосқан үлесін лайықты мойындауболып табылады.
Несібелді Жүсіпованың еңбегі бірнеше рет жоғары деңгейде де атап өтілді. Оның еншісінде Құрмет грамоталары, сертификаттар, «Қазақтелеком»акционерлік қоғамына 20, 25 және 30 жыл» төсбелгілері, «Қазақтелеком ардагері», «Еңбек ардагері» медальдары бар. Бұл марапаттар оның кәсібилігін, іске адалдығын және кемелдікке деген тынымсыз ұмтылысын лайықты мойындау болып табылады.
Қатаңдық пен принциптіліктің артында жұмсақтық, мейірімділік және шынайы қамқорлығы да жатыр. Әріптестері Несібелді Әшкенқызын өз саласында тәртіп орната білгені және өз үлгісімен өзгелерді шабыттандыра білгені үшін бағалайды.Ол лайықты қоғам мүшелеріне айналған екі ұлы туралы мақтанышпен айтады және сүйікті немерелерімен бос уақытын мазмұнды өткізеді. Хоббиінің арасында көлік жүргізу де бар.
Сонымен, Несібелді Жүсіпова компания қызметкерлері тізіміндегі жай ғана есім емес. Ол кәсіпке деген сүйіспеншілік, адамдарға деген құрметті және тәртіпке ұмтылуды айғақтайтын өз ісінің шебері. Алдағы уақытта да осылай лайым жалғаса берсін дегіміз келеді.
С.НҰРЫМОВ.
![]()

