Тайтөбе ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстарына партиялық мониторинг жүргізілді

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А. Әлімбетова және облыстық мәслихат депутаты, Қосшы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А. Төребаев Тайтөбе ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстарына партиялық мониторинг жүргізді.

Су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарын мердігер ұйым «Көкшетаугидрогеология» ЖШС жүзеге асыруда.

Жобаның жалпы құны – 1 475,4 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында басталған.
Бүгінгі таңда нысанның дайындық деңгейі 97% құрайды.

Қазіргі уақытта ауыл ішіндегі құдықтарға фасонды бөліктер орнату, диаметрі 20 мм абоненттік құбырларды төсеу жұмыстары аяқталуда. Сонымен қатар, құбыр желілерін сығымдау, сорғы және насос станциясы аумағын абаттандыру, электрмен жабдықтау тіректерін орнату және трансформаторды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны толық аяқтау мерзімі – 2025 жылдың IV тоқсаны.

Сондай-ақ, Тайтөбе ауылында газдандыру жұмыстары да сайлауалды бағдарламасы ы аясында жүзеге асырылуда.
2022 жылы газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге, ал газдандыру Қосшы қаласынан жүргізілуде.

2024 жылдың қыркүйек айында конкурстың қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС анықталып, жұмысын бастаған.
Техникалық қадағалауды «Астанастройинжиниринг» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Жамбылгаз» ЖШС жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда Тайтөбе ауылында ішкі кварталдық газ желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жоба Астана агломерациясының кешенді жоспарына енгізілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар