Сәрсенбай Хасеновтың «Жалғыз арша» кітабының тұсаукесері өтті

«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында Біржан сал атындағы мұражайда дәстүрлі әнші, зерттеуші, облыстық филармония әртісі Сәрсенбай Оразұлы Хасеновтың «Жалғыз арша» кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты жиынға Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова арнайы қатысып, сый сыяпатын жасады.

Сәрсенбай Хасенов – өңіріміздің дарынды перзенті. Ол көптеген жылдар бойы елімізге белгілі сал-серілердің, ақын-әншілердің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, бірнеше құнды еңбектерді жарыққа шығарған.

Біржан сал Қожағұлұлы туралы жазылған «Жалғыз арша» кітабы аудан жұртшылығына таныстырылып, мәдениет және білім мекемелеріне табысталды.

Салтанатты шарада Степняк қалалық мәдениет үйінің әншілері – Қазбек Қалиев, Мұхтархан Дәулет және Сәрсенбай Хасенов Біржан салдың әндерін орындап, кештің көркін аша түсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар