Мақсаты:Мақсаты: Жас ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мол, ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды жетік білетін ақсақалдармен тікелей сөйлесуіне мүмкіндік жасау. · Келешекке бағдар берудегі киелі қазына – ата-баба өсиетін, сабағын насихаттау.
Әр ұрпақ арасындағы сенім мен сыйластық қарым-қатынасты нығайту.
Дөңгелек үстел жастар мен ақсақалдар арасындағы тікелей диалог пен сенім мосты құру мақсатына сәтті жетті. Жастар өмірлік тәжірибені тікелей тыңдау, өз көзқарастарын білдіру мүмкіндігіне ие болды. Ақсақалдардың әрбір сөзі жас өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани байлық, бағыт пен талғам береді.Мектеп қауымы мен жергілікті қоғамдастық арасындағы байланыс нығайтылады.
Бүгіндегі дөңгелек үстел нағыз рухани іс болды. Тәжірибе мен жастық әсер арасындағы бұл әсем кездесу «Өмір көргеннің сөзі — өсиет» деген халық даналығының шын мәнін көрсетті.
Холганат Данекер,
Астрахан ауданы «Өндіріс ауылының
ЖОББМ»КММ Аналар кеңесінің төрайымы.
![]()

