«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2025 жылдың 10 желтоқсанында сағат 15.00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

