Еңбекпен түзеу мекемелерінде өндіріс тапшы

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әлеуетін дамыту мәселелері қаралған кеңес болып өтті.  

Іс-шараға қала құраушы кәсіпорындардың, орта және ірі бизнестің өкілдері, өндірістік компаниялар, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, қылмыстық-атқару жүйесі және «Еңбек» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылары қатысты.

Іс-шараны ашқан Алтынай Әміренова:

– Құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті кеңейтуге кәсіпкерлерді белсенді тарту арқылы сотталғандардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және жеке бизнеспен өзара іс-қимыл аясында пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру міндеттерін қойды, –  дей келе, ҚАЖ мекемелерінде өндіріс ұйымдастырудың тиімді ынтымақтастыққа жол ашатынын және оң нәтижелер беретінін атап өтті әкімнің орынбасары.

Кеңес барысында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Расул Сыздықов және Кәсіпкерлер палатасы жанындағы құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалық кеңесінің төрағасы Мұхтар Есенов сөз сөйледі. Спикерлер бірлесіп іске асыруға болатын перспективалы бағыттарды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар нақты жобаларды талқылауды жалғастырып, сотталғандардың жұмыспен қамтылуын жақсартуға және ҚАЖ мекемелерінің өндірістік қуаттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тетіктерді бірлесіп пысықтауға уағдаласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар