Депутаттық корпус атынан сіздерді Рождество Христово мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарық пен ізгіліктің салтанатын, жаңару мен рухани кемелденуге деген сенімді дәріптейтін ең көне әрі қадірлі православиелік мейрамдардың бірі. Ғасырлар бойы Рождество жұлдызы үміттің, бейбітшіліктің және Құдайдың сүйіспеншілігінің символы болып, мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек пен көршіге құрмет секілді мәңгілік құндылықтарды еске салып келеді.
Рождество күндері православие дінін ұстанушылар жақындарына айрықша қамқорлық танытып, қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ұмтылады. Игі істер атқарып, туған жерінің игілігі үшін адал еңбек етіп, жүрек жылуын айналасына жомарттықпен үлестіріп жүрген әрбір жан зор алғыс пен құрметке лайық.
Рождество Христово сіздердің үйлеріңізді жылулық пен қуанышқа толтырып, жақсылық пен әділеттілікке деген сенімді нығайтып, бейбітшілік пен келісім әкелсін. Барлық православиелік сенушілер мен аймақ тұрғындарына шын жүректен зор денсаулық, бақыт, береке-бірлік, өзара түсіністік пен келісім, сондай-ақ, ең асыл тілектердің орындалуын тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

