Щучинск қаласында өткен Қазақстан кубогы жарысының қорытындысы бойынша шаңғыдан ұлттық құраманың мүшелері анықталды.
Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындарында ақмолалықтар Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина және Анна Мельник ел намысын қорғайды.
Алдағы күндері Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясы (FIS) әр елге, соның ішінде Қазақстанға берілетін квоталар санын бекітеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

