Баяндама
Қазіргі қоғамда тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі болып табылады. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бағдарламасы қоғамда әділдікке, еңбекқорлыққа, заңға құрметпен қарауға негізделген құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Бағдарламаның негізгі идеясы – жеке тұлғаның ішкі мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және адамгершілік ұстанымдарын дамыту арқылы қоғамның тұрақты дамуына үлес қосу.
«Адал азамат» бағдарламасының басты құндылықтары
Бағдарламаның негізінде бірнеше маңызды құндылықтар жатыр. Олар: Адалдық пен әділдік – заңды сақтау, шыншыл болу, жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру; Жауапкершілік – өз ісіне, қоғам мен мемлекет алдындағы міндетіне адал қарау; Еңбекқорлық – адал еңбек ету арқылы жетістікке жету; Отаншылдық – туған елге қызмет ету, ұлттық құндылықтарды құрметтеу;
Адамгершілік – сыйластық, мейірімділік, қоғамдағы келісімді сақтау.Бұл құндылықтар жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
- Бағдарлама аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы
«Адал азамат» бағдарламасы нақты жобалар арқылы іске асырылуда. Білім беру ұйымдарында адалдық, құқықтық мәдениет және азаматтық жауапкершілік тақырыптарында тәрбие сағаттары, пікірталастар, кездесулер өткізіледі.
Сонымен қатар жастар арасында волонтерлік қозғалыстар дамып, патриоттық және әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. «Адал ұрпақ» клубтары арқылы оқушылар мен студенттер адалдық қағидаларын тәжірибе жүзінде меңгереді.
Қоғамдық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, ашықтық пен әділдік насихатталады.
Негізгі бөлім
«Адал азамат» бағдарламасының басты мақсаты – қоғамда адал, жауапты, заңға құрметпен қарайтын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға тәрбиелеу. Бағдарлама мазмұны адалдық, әділдік, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, отансүйгіштік сияқты негізгі құндылықтарға негізделген.
1. «Қамқор»
Экологиялық мәдениет пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған жоба.Бағдарламаға қатысқан 3 миллионнан астам оқушы «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты.
- «Еңбегі адал – жас өрен / Мамандықтар әлемі»
Жастарды еңбекке баулу, мамандық таңдау және еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру.300 мыңнан астам оқушы әртүрлі шеберлік сабақтары мен кәсіби бағыттағы іс-шараларға қатысты.
- «Ұшқыр ой алаңы»
Дебат клубтары мен интеллектуалды ойындар арқылы ойлау қабілетін, пікірталас дағдыларын дамыту.
4. «Smart бала»
Оқушылар арасында әлеуметтік, инновациялық жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді.Білім алушылар өзіндік жобалар мен идеялар әзірлеуге шақырылады.
- «Балалар кітапханасы»
Мектеп кітапханаларын байытуға арналған жоба.
Бағдарлама аясында әдебиеттер тізімі толықтырылып, кітап қорлары кеңейтілуде.
«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы бойынша Ата-аналармен жұмыс, оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру;Оқу ортасының бірыңғай құндылықтық бағытта құрылуы;Ұлттық құндылықтарды тану мен дамытуды қолдау секілді бағыттарды қамтиды.
Карасаева Гульнур Ораловна,
Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері.
![]()

