Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл денсаулықтың сенімді кепілі!

Бүгінгі таңда Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығында 15 мыңнан астам адам тіркелген. Оның ішінде 1 934 адам сақтандырылмаған, бұл тіркелген халықтың 12,36 пайызын құрайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі денсаулық сақтау саласының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
МӘМС жүйесіне қатысу азаматтарға бекітілген тізбеге сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрін алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мамандардың консультациялары, диагностикалық тексерулер, зертханалық талдаулар, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу, емдеу және оңалту қызметтері көрсетіледі.

Сақтандырылмаған азаматтар үшін МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесінің болмауы аталған медициналық қызметтерге қолжетімділікті шектейді және медициналық көмекті ақылы негізде алуға мәжбүрлейді. Ал МӘМС жүйесіне уақтылы қатысу медициналық көмекті толық көлемде және тең дәрежеде алуға мүмкіндік береді.
Поликлиника тіркелген халық арасында МӘМС жүйесіне қатысу мәселелері бойынша жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтандыру мәртебесін анықтау және жарналарды төлеу тәртібі бойынша кеңес береді.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы тарапынан тіркелген халықтың деректерін өзектендіру, тұрғындарды тіркеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамту деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сақтандырылмаған тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту мақсатында поликлиникада ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Зарыққан Шаубаев,
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты
алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар