Эпидемиологиялық жағдай сарапталды

ДЕНСАУЛЫҚ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен өткен вакцинациялау штабының отырысында эпидемиологиялық жағдайдың барысы талқыланды.

Штаб отырысына аумақтық мемлекеттік органдардың, облыстық медициналық ұйымдардың және бейінді қызметтердің басшылары қатысты. Бұл ретте, өңірдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал және қабылданып жатқан шаралар туралы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек баяндама жасады.

Олардың мәліметінше, 2025 жылдың он екі айының қорытындысы бойынша инфекциялық аурушаңдық жалпы алғанда тұрақты деңгейде сақталып отыр, алайда, қызылша мен көкжөтел жағдайлары ерекше тоқталуды қажет етпей қоймайды.  Атап айтқанда, 2025 жылы облыста қызылшаның 226 расталған жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 877 жағдайды құраған. Бұл – аурушаңдықтың 3,8 есеге төмендегенін көрсетеді. Ауруға шалдыққандардың 76,9 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Аурушаңдық деңгейінің төмендеуі 2023 жылғы қарашадан 2025 жылғы қаңтарға дейін жүргізілген қосымша жаппай иммундау шараларының нәтижесі болып отыр. Қосымша жаппай иммундау аясында 42 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде шамамен 39,8 мың бала және 2 370 медицина қызметкері бар. Тағы да қосымша иммундауымен 7 мың бала қамтылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде профилактикалық егулермен қамту 2025 жылдың он екі айында 97,3 пайызды құрады, бұл белгіленген норматив кемінде 95,5 пайыз деңгейінен жоғары. Қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация 2 жасқа дейінгі 9 130 балаға жүргізілсе, 6 жастағы 11 240 бала ревакцинациядан өтті.

Кеңесте сондай-ақ, білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау басқармалары басшыларының атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Олардың баяндамаларында жаппай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайға күшейтілген мониторинг жүргізу, профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды уақытылы жүзеге асыру, сондай-ақ, халық арасында вакцинация мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар