Жаңа Конституция жобасы: қоғамдық сұраныс пен мемлекеттік жауапкершілік

Қоғам дамуының әрбір кезеңі мемлекеттен заман талабына сай шешімдер мен батыл қадамдарды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы ел ішінде қалыптасқан әділеттілікке, ашықтыққа және мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікке деген қоғамдық сұраныстың нақты көрінісі деуге болады.

Конституциялық реформаның өзегінде тек мемлекеттік басқару институттарын жетілдіру ғана емес, азаматтық қоғам үшін айрықша маңызды құндылықтарды бекітуге бағытталған жүйелі көзқарас жатыр. Бұл – мемлекеттің қоғаммен ашық диалог орнатуға және халық үніне құлақ асатын басқару моделін қалыптастыруға деген ұмтылысының айғағы.

Жаңа Конституция жобасында халықтың егемендіктің жалғыз иесі ретінде нақты бекітілуі азаматтық сектор үшін ерекше мәнге ие. Бұл норма қоғамдық қатысудың рөлін арттырып, мемлекеттік шешімдер азаматтардың еркі мен қоғам мүддесіне сүйене отырып қабылдануы тиіс екенін айқын көрсетеді. Мұндай ұстаным демократиялық қағидаттарды нығайтып, жауапты билік мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту, жеке өмірге, дербес деректерге қол сұқпаушылықты қорғау және құқықтық айқындық қағидатын бекіту билік институттарына деген қоғамдық сенімді арттырудың маңызды алғышарты болып табылады. Мемлекеттің зайырлы сипатын нақты айқындау да қоғамдағы келісімді нығайтып, заң алдындағы теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

Қорыта айтқанда, жаңа Конституция жобасы азаматтық қоғамның дамуына серпін беріп, ашық диалог пен ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға берік құқықтық негіз қалайды. Бұл құжат Қазақстанның жаңғыру жолындағы стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды тарихи кезеңнің бастауы болмақ.

Самал Ілясова,
ҚХАА жанындағы Медиация кеңесі төрағасының орынбасары.

Сурет: akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар