Тұрақты даму жолындағы серпін

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық сектордың әлеуетін нығайтуға және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясындағы тапсырмасына сәйкес, «Свободное» ЖШС Сандықтау ауданының алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі болып табылады.

Кәсіпорын әртараптандыру қағидаттарын табысты жүзеге асырып, дәнді және майлы дақылдар өндірісін ірі қара мал шаруашылығын дамытумен ұштастырып келеді, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды белсенді түрде енгізіп, техниканы жаңғыртуда. Бұл өз кезегінде жоғары тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жауапты, әрі кәсіби басқарудың үлгісін көрсетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. «Свободное» ЖШС жаңа жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды дамытуға ат салысады, ауылдық қауымдастықтардың өміріне белсенді қатысып, нан-тоқаш өнімдерін өндіруді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жаңа репродуктор ферма құрылысы басталды, оны пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Бүгінгі күні ірі қара мал саны 2 мың басты құрайды, ал 2028 жылға қарай мал басын 3 мың басқа дейін арттыру көзделіп отыр.
Осылайша, «Свободное» ЖШС инновациялық тәсілді әлеуметтік жауапкершілікпен үйлестіре отырып, ауданның тұрақты дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан табысты агробизнестің үлгісі болып табылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар