Еліміздің жетекші онкоурологтары тәжірибелерімен бөлісті

Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жетекші мамандардың қатысуымен урология және онкоурология бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына дәрігерлер, медициналық университеттердің өкілдері, өңірлердің бас штаттан тыс мамандары қатысты. Қатысушылардың бір бөлігі онлайн форматта қосылып, бұл кәсіби диалог аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Конференция барысында урологиялық қызметті дамыту мәселелері, заманауи диагностика мен емдеу әдістері, сондай-ақ, жаңа хирургиялық және дәрілік технологияларды енгізу перспективалары талқыланды.

Сондымен қатар, тәжірибе алмасуға және медициналық көмектің сапасын арттырудағы өңірлік клиникалардың рөліне ерекше назар аударылды. Дәрігерлер үшін шеберлік сабағы ұйымдастырылып, еліміздің жетекші онкоурологтары жоғары технологиялы хирургиялық операциялар жасады, соның ішінде бүйрек ісігін лапароскопиялық жолмен резекциялау да бар. Үш операцияның екеуі өңірде алғаш рет орындалды.

Конференция аясында заманауи жабдықтармен, операциялық блокпен және бейінді мамандар командасымен жабдықталған 14 төсек-орынға арналған урология бөлімшесі ашылуда. Бұл жаңа бөлімшеде медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетіледі.

– Бөлімшенің ашылуы операцияларды күту мерзімін қысқартуға, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге және күрделі урологиялық операцияларды науқастарды басқа қалаларға жібермей, өз орнында жүргізуге мүмкіндік береді. Осының бәрін ескергенде,  аурухана өңірлік клиникалық және білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, – деді аурухананың директоры Сәкен Қалымжанов.

Бұрын мұндай урология бөлімшесі тек көпбейінді Ақмола облыстық аурханасында жұмыс істейтін. Енді ол қалалық ауруханада да ашылғандықтан, науқастар үшін осы сырқат түрлерінен медициналық ем қабылдау аясы кеңейіп отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар