Жүлдегерлер қатары тоғыз

БАЙҚАУ

Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қорытынды кезеңі болып өтті.

Талапкерлер тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану және қоғамтану бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады.

Ақмола облысының атынан бұл сайысқа 14 оқушы қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Сөйтіп, Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Ақерке Дүйсенбек пен Жансұлу Имантай, сондай-ақ, Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушысы Айжан Мусина ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал, алдыңғы білім ордасынан Әмина Баянбай және Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептен Дильназ Опабекова ІІІ орынды иеленді. Тағы төрт жоба грамоталармен атап өтілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар