ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ
«ПЗ Балкашинский» ЖШС көптеген жылдар бойы қазақтың ақбас сиырларын өсірумен шұғылданып келеді.
Бүгінде кәсіпорын ауданның алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі саналады. Ол егіншілікті заманауи мал шаруашылығы кешенінің жұмысымен тиімді ұштастырып отыр. Мұндай кешенді тәсіл өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, шаруашылықтың әлеуетін жоспарлы түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ірі қара малдың жалпы саны 1900 басты құрайды, оның 1200 басы – қазақтың ақбас тұқымы, 700 басы – ангус тұқымы. Сонымен қатар, шаруашылықта 130 жылқы бар.
– Біз үшін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін сақтау – тек жауапкершілік қана емес, сонымен қатар, стратегиялық міндет. Біз табынның генетикалық әлеуетін жақсарту, өнімділікті арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз», – дейді шаруашылық басшысы Шәріп Докаев.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

