Сапалы жол да халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіші

Ақмола облысы  еліміздің негізгі көлік тораптарының бірі. Біздің өңір арқылы елорданы оңтүстік, солтүстік және шығыс аймақтармен байланыстыратын маңызды халықаралық дәліздер өтеді.

Атап айтқанда, «Алматы – Екатеринбург», «Астана – Петропавл», «Астана – Павлодар», «Астана – Қарағанды» бағыттарындағы бірінші техникалық санаттағы автожолдар облыс экономикасының күретамыры болып саналады.

Биылғы 4-ші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытына шығатын «Орталық – Батыс» автожолын іске асыруды тапсырды. Бұл  стратегиялық маңызы зор жоба. Жаңа жол облысымыздың бірнеше ауданы арқылы өтіп, жалпы ұзындығы 350 шақырымнан асады. Жоба жүзеге асса, өңірдің транзиттік әлеуеті айтарлықтай артады.

Өткен жылы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 124 миллиард теңге бөлінді. Оның 48 миллиард теңгесі  республикалық, 73 миллиард теңгесі жергілікті жолдарға бағытталды. Нәтижесінде, 900 шақырым автожол салынды және жөнделді. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар жолдардың 374 шақырымы жаңартылды. Ұзақ жылдар бойы жөндеуді қажет еткен учаскелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, «Астана – Қорғалжын», «Көкшетау – Рузаевка», «Макинск – Ақсу – Торғай», «Жезқазған – Петропавл», «Көкшетау – Зеренді», «Көкшетау – Омбы» бағыттары қамтылды. Сонымен бірге, «Көкшетау – Щучинск», «Астана – Жібек жолы», «Астана – Ақкөл», «Атбасар – Жақсы», «Жақсы – Есіл» жолдарының ірі бөліктеріне жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті жолдар бойынша 130 жоба іске асырылып, 510 шақырым жол жөнделді. Оның облыстың 57 елді мекенінде 200 шақырымнан астам көше-жол желісі жаңартылды. Бұл ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін маңызды жұмыс.

Ағымдағы жылы да бірқатар ірі жобалар жалғасады. «Көкшетау – Зеренді», «Жақсы – Чистополье», «Макинск – Ақсу – Торғай», «Жалтыр – Макинск», «Щучинск – Зеренді», «Есіл – Свободное – Раздольное» және өзге де бағыттарда басталған жұмыстар кезең-кезеңімен аяқталады. Біздің негізгі мақсатымыз жол сапасын жақсартып, өңірішілік қатынасты жеңілдету болып отыр.

Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы 16 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда. Бұл  республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қазір нысандарда 287 жұмысшы еңбек етіп, 10 техника жұмылдырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы 84 пайызға жетті.

Оның ішінде Көкшетау, Бурабай курорты, Макинск, Жақсы, Сарыоба, Жалтыр, Шортанды вокзалдарында жұмыстар 90 пайыздан асып отыр. Қалған нысандарда да құрылыс қарқынды жүргізілуде. Барлық вокзалдарды биыл толық аяқтау жоспарланған.

Әуежайды дамыту  өңір мүмкіндігін арттыру деп санаймыз. Әуе көлігінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Көкшетау қаласының әуежайын кезең-кезеңімен жаңғырту мәселесі қарастырылуда. Алдағы уақытта әуежайды коммуналдық меншікке қабылдау, стратегиялық инвестор тарту, инфрақұрылымды жаңарту, бағыттар санын көбейту және жүк терминалын ашу көзделіп отыр.

Бұл шаралар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, жүк тасымалын дамытуға, туризм мен логистиканы ілгерілетуге жол ашады.

Қорыта айтқанда, көлік инфрақұрылымын дамыту  өңір экономикасының өсіміне серпін беретін басты бағыттардың бірі. Біз үшін әр шақырым жол – жаңа мүмкіндік, әр жаңарған нысан  халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қосылған үлес. Ақмола облысының автомобиль жолдары басқармасы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыра береді.

 Владимир КУЛАКОВ,
Ақмола облысы жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

сурет pkzsk.info сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар