Наурыз Fest – көктемгі мерекеде жастар мен қала тұрғындарын біріктірді

«AMANAT» партиясының аумағында «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған жарқын әрі мазмұнды Наурыз Fest мерекесі өтті.

Іс-шара қонақтарын ұлттық нақышқа толы, көктемгі көңіл-күй сыйлаған ерекше мерекелік атмосфера қарсы алды. Фестиваль аясында дәстүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қазақ әндері шырқалып, әсерлі би қойылымдары ұсынылды.

Қонақтардың ерекше ықыласына ие болған «Кел, шай ішейік» акциясында әрбір келуші хош иісті шайдан дәм татып, еркін әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында демеушілер ұсынған сертификаттар ойнатылды. Биылғы серіктестер қатарында «Гормолзавод» ЖШС, Chill Vibe антикафесі және «Тулпар – Золотая мечта» орталығы болды.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев атап өтті:

«Наурыз – жаңару мен бірліктің, ізгі дәстүрлердің мерекесі. Осындай іс-шаралар арқылы біз жастарды біріктіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, өзара құрмет пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеміз».

Наурыз Fest достық пен жылылыққа толы атмосферада өтіп, жастар мен қала тұрғындарын біріктіріп, қатысушыларға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар