ЕЛДЕСТІРМЕК – ЕЛШІДЕН
«Dala Carbon Forum-2026» форумы аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич пен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Аксуорсиімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Өңір делегациясы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұсаукесер шарасын ұсынып, негізгі бағыттар – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, транспорттық логистика және «жасыл» энергетикадағы инвестициялық әлеуетімізді атап көрсетті.
– Қазіргі таңда әртүрлі елдерден түскен тікелей инвестициялар шамамен 4 триллион теңгені құрайды. Біз инвесторларға инновациялық технологияларды енгізу, ашықтық және халықаралық стандарттарға сәйкестік жағынан жоғары талаптар қоямыз. Әрдайым инвесторларға ашықпыз, ал, Aqmola Invest штабы барлық инвестициялық жобаларды қадағалайды, – деді облыс әкімі.
Тұсаукесерде облыстың туризм саласындағы мүмкіндіктері де көрсетіліп, бұл шетелдік өкілдердің қызығушылығын тудырды. Салли Аксуорси бірнеше британдық компаниялар өңірге қызығушылық танытып отырғанын атап өтті және облыстың туристік әлеуеті еуропалық азаматтар үшін тартымды бағытқа айнала алатынын айтты.
Кездесудің соңында тараптар Ақмола облысының инвестициялық әлеуеті мен болашақтағы ынтымақтастық байланыстар туралы пікір алмасты.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
![]()

