Біртұтас тәрбие: «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы көңілді үзілісте ұлттық ойындарды насихаттау.

Мектеп қабырғасында оқушының тұлғалық дамуына әсер ететін маңызды бағыттың бірі – ұлттық тәрбие. Осы орайда жүзеге асып жатқан «Біртұтас тәрбие – Адал азамат» бағдарламасы жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, ұлт құндылықтарын бағалауға тәрбиелеуді мақсат етеді. Бағдарлама аясында ұйымдастырылатын «Көңілді үзіліс» жобасы – оқушылардың бойындағы ұлттық рухты көтеретін, салт-дәстүрге негізделген тәрбиелік шаралардың бірі.

Көңілді үзіліс кезінде мектеп оқушыларына арналған ұлттық ойындар ойнатылып, балалардың қызығушылығы мен белсенділігі арта түсуде.

Атап айтқанда:

– Асық ату – дәлдік пен ептілікті арттырады;

– Арқан тартыс – бірлік пен командалық жұмысты дамытады;

– Теңге ілу – шапшаңдық пен шеберлікті қалыптастырады;

– Сақина салу, Тобық, Қуыр-қуыр қуырмаш сияқты ойындар – көңіл көтерумен қатар, ұлттық сана мен дәстүрлерге құрметті сіңіреді.

Осындай ұлттық ойындар арқылы балалар тек қимыл-қозғалыс жасап қоймай, салауатты өмір салтын ұстануды, қазақ халқының мәдени мұрасын тануды үйренеді. Сонымен қатар, үзіліс уақытын пайдалы әрі тәрбиелік мәнде өткізуге дағдыланады.

Қорытындылай келе, «Көңілді үзіліс» – тәрбие мен дәстүр сабақтастығының жарқын үлгісі. Ұлттық ойындарды мектеп өміріне белсенді енгізу – адал, тәрбиелі, рухы биік азамат тәрбиелеудің тиімді жолы.

Нурбек Жанар,
Бастауыш сынып мұғалімі,
педагог-модератор және ДТІЖО,
Ақмола облысы Астрахан ауданы,
«Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі» КММ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар