Футболға жанкүйерлер молайды

ЖАҢАША СЕРПІН

Өткен жексенбі күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Оқжетпес» стадионында осы аттас көкшелік футбол клубы мен Павлодардың «Ертісі» арасында өткен ойынға жанкүйер болды.

Кейінгі уақытта Көкшетауда аймақ басшысының көңіл бөлуімен  футболға қызығушылық арта түсті. Айталық, осы жолы «Оқжетпесті» қолдауға бес мың жанкүйер келіп, стадион лық толды. Ойын өте тартысты өтті. Көкшетаулықтар жиі шабуылдағанымен «Ертіс» те оңай шағылар жаңғақ көрінбеді. Оқжетпестік Өміртаев есеп ашқанымен, төреші ойыннан тыс қалды деп оны қаперге алмады.

Дегенмен, ойынның 72 минутында Бородин 11 метрліктен жерлестерімізді алға шығарды. Араға 8 минут салып, Тұрлыбек есепті теңестіріп кеткенімен, 88-інші минутта Бөрібаев тағы бір 11 метрлік айып добынан ойынның соңғы нүктесін қойды. Есеп 2:1, оқжетпестіктердің пайдасына шешіліп, бұл жеңіс 11 ұпай жинаған жерлестерімізге Алматының «Қайраты» мен Семейдің «Елімайынан» кейін турнир кестесінің үшінші сатысына тұрақтауға мүмкіндік берді.

Ойыннан кейін облыс әкімі «Оқжетпес» футболшыларын маусым басталғалы үшінші жеңісімен құттықтап, команданың бас бапкері Ринат Әлеуетовқа қызмет пәтерінің кілтін табыс етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

сурет i.ytimg.com сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар