Жас қалаға көрік берсін,  бұұл көктем

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың қатысуымен Қосшы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жаңа қала – таза қала» атты ауқымды экоплоггинг болып өтті.

Биыл Қосшының қала мәртебесін алғанына бес жыл толды. Соған орай, қосшылықтар әр салада азаматтық белсенділіктерімен ерекшеленуде.

Бұл іс-шараға шамамен бір мың адам қатысты. Олар «AMANAT» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен еріктілер және белсенді жастар. Плоггинг форматы қатысушылардың жүгіре отырып, қаланы абаттандыруға нақты үлес қосуларына мүмкіндік берді. Осы жүгіру барысында командалар қала аумақтарын қыстан бері жинақталып қалған қоқыстан тазалады.

Акция Досұлан Айтбаевтың кіріспе сөзімен басталды. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қоғамымызда жаңа экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

– Бүгін біз «Жаңа қала – таза қала» атты ауқымды экологиялық акция аясында бірігіп жатырмыз. Оған тек қала тұрғындары ғана емес, облысымыздың барлық өңірлерінен белсенділер қатысуда. Мемлекет басшысының өзі ерекше мән беріп отырған мұндай бастамаларды біздің бәріміздің қолдауымыз өте маңызды, – деп атап өтті ол.

Қатысушылар қала аумағын тиімді қамту үшін тоғыз топқа бөлініп, әр топқа көшелер мен саябақ орындары бекітілді. Тұрғындар мұндай шаралар қала өмірін жандандырып, оған ерекше серпін беретіндігіне сенімді.

– Бұл мен үшін біріншіден, басқаларға үлгі көрсету мүмкіндігі. Біз жас әрі әсем қалада өмір сүріп жатырмыз. Демек, оны таза қалпында сақтау бәріміздің ортақ міндетіміз. Жүздеген адам осылай тазалық үшін бас қосқанын көргенде шынымен қуанасың, – дейді бұл орайда, белсенді жастардың бірі Олеся Манжура.

«Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру басталғаннан бері Қосшыда да бірқатар кешенді жұмыстар қолға алынып, тарихи-мәдени нысандар ретке келтірілді, су айдындарының жағалаулары тазартылып, жүздеген түп көшеттер отырғызылды және бірнеше балалар алаңдары абаттандырылды. Осы ретте, алда да атқарылатын мұндай игі істер қала келбетін тек жақсарта бермек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Қосшы қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар