Астанада алғаш рет Green Runway Fashion Show эко-сән көрсетілімі өтті

Астанада алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит және RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі аясында Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан дизайнерлерінің Green Runway Fashion Show эко-сән коллекциялары көрсетілді.

Подиумда ұлттық мәдениет элементтерін, заманауи дизайнерлік тәсілдер мен тұрақты сән идеяларын біріктірген коллекциялар ұсынылды. Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан 9 дизайнер қатысты.

Өз коллекциясын ұсынғандар: Айдархан Қалиев, Қазақстан — «Жібек мұра»/«Шёлковое наследие» және Nomad Couture -«Көшпелі кутюр: гобелен және аң терісі»; Татьяна Воротникова, Қырғызстан — «Қызыл ою»; Хуршед Сатторов, Тәжікстан — «Шахнаме»; Лейли Хаидова, Түрікменстан — «Қарақұм шөлінің көктемгі бояулары»; Өзбекстан — «Жаңа көктем»; Гюльнара Халилова, Әзірбайжан — «Миниатюра» және «Апсайклинг»; Хамида Иноятова, Өзбекстан — «Арабески»; Руслан Имбергенов, Қазақстан — «Қайта түлеу»; Нафис Имранов, Тәжікстан — TAMADDOON.

Көрсетілімге Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, медианың, фэшн-индустрияның, дипломатиялық корпустың, іскерлік және сарапшылық топтардың өкілдері, сондай-ақ RES 2026 EXPO саммиті мен көрмесіне қатысушылар қатысты.

Central Asian Green Runway сән, экологиялық күн тәртібі мен өңірлік бірегейлікті біріктіре отырып, саммиттің мәдени бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.

Анықтама: Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) – климаттың өзгеруін, су ресурстарының тозуын, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды және т.б. қоса алғанда, өткір экологиялық мәселелерді шешу үшін Орталық Азия елдері мен басқа да мемлекеттерді біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. RES 2026 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтеді. Саммитке 1500 делегат — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдері қатысады деп жобаланған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында БҰҰ-мен әріптестікте RES 2026 өткізу туралы бастамасын мәлімдеді.

Меруерт Шукуева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар