Мерейлі мереке қарсаңындағы қуаныш

Ұлы Жеңіс күніне орай Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Владимир Евтушенконың, еңбек ардагерлері, әрі тыл еңбеккерлері Әсия Кузьмина мен Валентина Шматенконың шаңырағына барып, оларды мерейлі мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімі олардың қажырлы еңбектері, төзімділігі мен ел дамуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі, батылдығы мен Отанға деген адалдығы жас буын үшін әрдайым патриотизм мен рух күшінің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.

Ардагерлер сұрапыл соғыс және соғыстан кейінгі қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісіп, бастарынан өткен қиыншылықтарын, Жеңіс пен бейбіт өмір жолындағы еңбектері жайында әңгімеледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар