Есіл контрреттегішін салу және  етті мал шаруашылығын дамыту

 Әкім — іс үстінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Есіл контрреттегішін салу жобасын іске асыруға арналған көшпелі кеңес өткізді.

Өткен жылдың қазан айында мемлекеттік сараптамадан өткен жоба

Есіл өзенінің төменгі ағысында тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін оларды ұстап, реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жобамен сондай-ақ, Ақмола облысындағы 25 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге болады.

Есіл контрреттегішін салу жұмыстарына дайындықтың барысымен танысқан  Нұржан Нұржігітов  сондай-ақ, облыстың бірқатар сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысында болды.

***

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов канадалық TELUS Agriculture & Consumer Goods компаниясының басшысы Крис Терриспен онлайн-кездесу өткізді.

Онда тараптар өңірде етті мал шаруашылығын дамыту және ет кластерін қалыптастыру жобасын іске асыру жолдарын талқылады.

Кездесу барысында екінші тарапқа саланың қазіргі жай-күйі мен өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылып, халықаралық озық тәжірибелер негізінде ет өнімдерін өндіру мен қайта өңдеудің тиімді мәселелері талқыланды.

***

Жуырда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кездесуі болып өтті.

Кездесуді ашқан аймақ басшысы бүгінгі күннің негізгі міндеті осы саланы дамытуға арналған жобаларды әзірлеп,  озық тәжірибелерді кеңінен енгізу екенін атап өтті.

Қатысушылар кездесуде ет кластерін қалыптастыру перспективаларын, сондай-ақ, заманауи технологияларды енгізе отырып,  саланы ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ғалымдардың өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуі қажет екендігі жөніндегі уағдаластыққа келді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар