Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жаңа басшысы

Тағайындау

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып  тағайындалды.

Нұрғиса Дәуешов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі болып бастады.

2009-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының оқытушысы болып қызмет істеді. 2013-2019 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры болды.

2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында қызмет атқарды.

2023-2026 жылдары «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры қызметін атқарды.

Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар