Электр қуатының өшу себептеріне құстар мен найзағайдың әсері

Біле жүріңіз!

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі тек электр желілерінің техникалық жағдайына ғана емес, сонымен қатар, толық бақылауға келмейтін сыртқы факторлардың әсеріне де байланысты.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары, атап айтқанда, найзағайлы құбылыстар, қатты жел, мол жауын-шашын, көктайғақ, сондай-ақ, жануарлар мен құстардың әсері электр желілеріндегі апаттық ажыратулардың себептеріне айналып жатады.

Әсіресе, найзағайлы кезеңде электр энергиясының апаттық ажыратылу қаупі бірнеше есе артады. Найзағайдың түсуі асқын кернеулер туғызып, жабдықтардың зақымдануына және одан да ауыр зардаптардың алдын алу мақсатында электр беру желілерінің автоматты түрде ажыратылуына әкеледі. Заманауи найзағайдан қорғау құралдары жабдықтарды зақымданудан қорғауға көмектескенімен, электр энергиясының ажыратылуын толық болдырмайды. Найзағай электр беру желілеріне немесе энергетикалық нысандарға түскен кезде қорғаныс автоматикасы іске қосылып, әдетте электрмен жабдықтаудың уақытша үзілуіне себеп болады.

Соңғы бір жарым айдың өзінде ғана «Көкшетау Энерго» ЖШС электр желілерінде найзағайдың әсерінен 77 апаттық ажырату тіркелді.

Электр энергиясының өшуінің тағы бір жиі кездесетін себебі, құстардың әсері. Ірі құстар электр жабдықтарының элементтерімен жанасқан кезде қысқа тұйықталулар туындап, соның салдарынан апаттық ажыратулар орын алуы мүмкін.

«Көкшетау Энерго» ЖШС электр желілеріне тұрақты түрде техникалық қызмет көрсетеді, жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізіп, жабдықтарды жаңартып отырады. Алайда, ең заманауи техникалық шешімдердің өзі табиғи факторлардың әсерін толықтай жоя алмайды.

Табиғи құбылыстардан туындайтын апаттық ажыратулардан әлемнің ең дамыған елдері де толық қорғалған емес. Мысалы, АҚШ-та дауылдар, найзағайлар мен қысқы борандар электр энергиясының жаппай өшуіне жиі себеп болады. Ал, Жапонияда энергетикалық инфрақұрылымның даму деңгейі өте жоғары болғанына қарамастан, тайфундар мен қатты желдер электрмен жабдықтаудағы үзілістерге әкеліп жатады. Бұл ең заманауи технологияларды қолданғанның өзінде табиғат құбылыстарының электр желілерінің жұмысына әсерін толықтай болдырмау мүмкін еместігін көрсетеді.

Осыған байланысты тұтынушылардан қолайсыз ауа райы жағдайлары мен басқа да табиғи факторлардан туындаған электрмен жабдықтаудағы уақытша үзілістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. «Көкшетау Энерго» ЖШС мамандары тәулік бойы жедел әрекет етіп, электр қуатымен жабдықтауды барынша қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстарды жүргізуде. Энергетиктер кез-келген ауа райында еңбек етіп, үйлеріңіз бен кәсіпорындарыңызда әрдайым жарық болуына мүдделі.

 «Көкшетау Энерго» ЖШС баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар