Кеше БРЮССЕЛЬ – бүгін БУРАБАЙ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 22-23 МАУСЫМ КҮНДЕРІ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІ АНТОНИУ КОШТАНЫҢ ШАҚЫРУЫМЕН БРЮССЕЛЬГЕ РЕСМИ САПАРМЕН БАРЫП, ТҮРЛІ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІП,ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛАҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕРІКТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОНАН ӘРІ НЫҒАЙТУДЫҢ ТҮРЛІ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА ҚОЛ ҚОЙЫП, МЕРЕЙЛЕНЕ ОРАЛСА, БҮГІН 26 МАУСЫМ (2026) КҮНІ ЖЕР ШОҚТЫҒЫ КӨКШЕТАУДЫҢ БУРАБАЙЫНА КЕЛДІ!
АРАҒА БІР-ЕКІ КҮН ҒАНА САЛЫП, ЕУРОПА ҚҰРЫЛЫҒЫНАН КЕРБЕЗ КӨКШЕНІҢ БУРАБАЙЫНА ЖАСАҒАН САПАРЫ АРАСЫНДА ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗІНІҢ МИССИЯСЫМЕН БЕЙБІТ ӨМІРІНІҢ ҚИЮЫ ҚАШҚАН ДҮНИЕНІ ЖАРАСТЫРАМЫН, ҚАНСЫРАҒАН ЖАРАСЫН ЖАЗАМЫН ДЕП ЖАҺАННЫҢ ЖАЙЫН ОЙЛАСА, ӨЗ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН НЫҒАЙТЫП, БІРЛІГІН БЕКЕМДЕП, ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ОТАНШЫЛ ОТ СЕЗІМІ МЕН СЕНІМІН ЖАҒУДЫҢ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АЛАҢСЫЗ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫН ҚАМДАУДЫҢ ІЗГІ ҚАДАМЫ МЕН АДАЛ НИЕТІ ЖАТЫР.
ҚАЙРАН ҚАЛМАСҚА ТАҒЫ ДА БОЛМАЙТЫН БІР ЖАЙ, ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КҮН ҚҰРҒАТПАЙ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛІП-КЕТІП ЖАТАТЫН ҚАНШАМА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАЙДЫ, ТҮРЛІ САЯСАТКЕРЛЕРМЕН, ІСКЕР ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗЕДІ, ӨЗІ ДЕ ШАҚЫРУЛАР БОЙЫНША ТҮРЛІ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ САПАР ШЕГЕДІ. БҰҒАН ҚОСА, ПРЕЗИДЕНТ АРАЛАСЫП ЖАТАР ӨЗ ЕЛІМІЗДІҢ ҚАНШАМА ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАР.
ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА УАҚЫТ… ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА ҚАЖЫР МЕН ҚАЙРАТ… ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА ӨЗ ЕЛІҢНІҢ МҮДДЕСІН БӘРІНЕН БИІК, БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ ҰСТАУ… ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА АҚЫЛ МЕН ПАРАСАТ, БІЛІМДАРЛЫҚ ПЕН САБЫРЛЫЛЫҚ, ТӨЗІМДІЛІК… ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ НАҒЫЗ АДАЛ ҚЫЗМЕТШІСІ ЕКЕНДІГІН АЙҒАҚТАЙ ТҮСЕДІ!
***
ХОШ, сонымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа сапарынан соң Ақмола Бурабай баурайындағы Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі.
***
Биылғы «Айбын-2026» бағдарламасы бойынша әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Бұл жас отан қорғаушылар жиынын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам командалар қатысты.
***
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөйлеген сөзінде бұл жиынды өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап көрсетіп, — Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет,-деді. -Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы. Сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз сақадай-сай болуы қажет. Әрбір мүмкіндікті мемлекеттің іргесін бекемдеп, қуатын арттыруға пайдалану керек.
***
Биылғы жылы құрылғанына отыз жыл толғалы отырған Бурабайдағы Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжбен танысқан Мемлекет басшысы осы кезеңде 4,5 мыңнан аса жоғары білікті маман даярлап шығарған оқу орнына жоғары баға берді.
***
Бурабай сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан жас домбырашылардың орындаған күйді зор ықыласпен тыңдады және Щучинск қаласының кейбір әлеуметтік нысандарын, соның ішінде жаңада орныққан Экосаябақты аралап көрді. « Burabay Arena» спорт сарайына барды.
***
Ақиқатын айтар болсақ, соңғы жылдары Бурабайдың бір қанатындағы осы Щучинск қаласы жүдеп, тозып кеткен еді. Қаланың көшелерінен жүріп болмайтын-ды.
***
Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ өңірдің ірілі, кішілі қалалары мен аудан орталықтарын, елді мекендерді көркейту, абаттандыру және жаңғырту жұмыстарын қолға алған болатын. Әкімнің зор талғампаздығымен, қатаң әрі нақтылы талап қоюының арқасында Көкшетау қаласы адам танымастай болып өзгергенін көз көріп қуанып отырмыз. Урбанизацияның қалай болуы керектігі жөнінде Көкшетау қаласы республика бойынша үлгі болуға жарап жатса, Щучинск қаласы да көркейіп, көгалданып, көз қуанышына айналып келеді.
***
Жалпы, Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ қалың елге де, Мемлекет басшысына да өңірдің даму барысын және нақтылы нәтижелі істі масаттана айтса да, мақтана айтса да жарасар еді!
***
Елін өрге сүйрер, елі сүйсінер ерлер бар болыңыздар!
Жабал Ерғалиев,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Сенаторлар кеңесінің мүшесі,
І дәрежелі «Барс» орденінің иегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар