Сандықтау ауданында аудан әкімінің кубогы үшін ауылдық спартакиада өтіп, оған 13 ауылдық округтің командалары қатысты.
Спорт мерекесіне қатысушыларды, жанкүйерлер мен қонақтарды аудан әкімі Серік Құдабай құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі спорттың адамдарды біріктіретінін, рухтың мықтылығын, мақсатқа ұмтылуды және командалық бірлікті қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ спортшыларға тартысты, әрі әділ бәсеке, өз күшіне деген сенім, жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктер тіледі.
Бірнеше күн бойы спортшылар баскетболдан (ерлер мен әйелдер арасында), волейболдан, шағын футболдан, көпсайыстан, жеңіл атлетикадан, дойбыдан, шахматтан және үстел теннисінен бақ сынап, өздерінің күш-қуаттарын, төзімділіктерін, шеберліктерін және командалық рухтарын көрсетті.
Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Сандықтау ауылдық округі, ІІ орын – Максимов ауылдық округі, ІІІ орын – Лесной ауылдық округі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жоғары спорттық жетістіктері мен жарыстағы үздік өнерлері үшін кубоктармен, медальдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Барлық командаларға белсенді қатысқандары, әділ бәсеке, спорттық жігер және жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғысымызды білдіреміз.
Сандықтау ауданы
![]()

