Қазақстан чемпионатында сандықтаулық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті

Қостанай қаласында ерлер мен әйелдер арасында гір спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 120-дан астам спортшы қатысты. Жарыста Сандықтау ауданының гір көтерушілері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Жарыстың алғашқы күні Анастасия Успеньева әйелдер арасында 58- келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 16 және 24 келілік гірлермен серпе көтеру жаттығуында күміс жүлдені иеленді. Ал жарыстың екінші күні Анастасия 16- келілік гірмен жұлқа көтеру жаттығуында қарсыластарынан озып шығып, Қазақстан чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Дастан Қуанышпаев (85- келіге дейінгі салмақ дәрежесі, жұлқа көтеру жаттығуы) мен Владимир Прохоров (95- келіге дейінгі салмақ дәрежесі, серпе көтеру жаттығуы) күміс жүлдеге қол жеткізді. Спортшыларымызды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Сандықтау ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар