Биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарының 20 сарбазы жұмысқа кірісті. Бір ай бойы еңбексүйгіш жастар елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен айналысып, аумақтарды санитарлық тазалауға, гүл отырғызуға және қоғамдық орындарды күтіп ұстауға қатысады.
– Жастардың экологиялық және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысуы ауданымыздың ажарын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастырады. Көптеген жас үшін «Жасыл ел» алғашқы еңбек тәжірибесіне айналып, өздерін көрсетуге, командада жұмыс істеуді үйренуге және туған өлкесінің дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді, – деді Сандықтау аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ангелина Шмит.
Сандықтау аудандық әкімдігі
![]()

