Қызметіне адал азамат

Елімізде заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттің дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген барлық мемлекеттік қызметшілердің үлесін атап өтуге тұраралық.

Әділет органдары жүйесінде сот орындаушыларының орны ерекше. Олар сот актілері мен өзге де атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Ақмола облысы Әділет департаментінің тәжірибелі мемлекеттік қызметшілерінің бірі – Есіл ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы Руслан Андреевич Загоруйко.

Руслан Андреевич 1989 жылғы 9 қыркүйекте Ақмола облысының Целиноград ауданында дүниеге келген. 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011-2015 жылдары ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Әділет органдарындағы еңбек жолын 2016 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің Жақсы ауданы сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық  бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы қызметінен бастаған.

Сот орындаушысының мамандығы мемлекеттік қызметтегі ең күрделі әрі жауапты қызметтердің бірі болып саналады. Себебі, сот шешімдерінің нақты орындалуы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің соңғы әрі маңызды кезеңі болып табылады. Күн сайын сот орындаушысы кәсібилікті, қағидатшылдықты, сабырлылықты және заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды қажет ететін түрлі күрделі жағдайлармен жұмыс істейді. Оның қызметінің нәтижесі азаматтардың сот төрелігі мен мемлекеттік институттарға деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Қызмет жолында Руслан Андреевич өзін білікті, жауапты және қағидатшыл маман ретінде көрсете білді. Міндеттерін адал атқарғаны, жоғары кәсібилігі мен қол жеткізген нәтижелері үшін түрлі грамота және Алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестері оны кәсібилігі, жұмысына адалдығы және жас мамандарға тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын болатын қасиеті үшін құрметтейді.

Ол қызметтік міндеттерімен қатар, өз отбасының алдындағы жауапкершілігін ұмытқан емес. Бұл тұрғыда Руслан Андреевич көпшілікке үлгі бола алады.  Руслан жан жары  Назерке  екеуі әділет органдарында еңбек етіп жүріп табысқан. Руслан Андреевич ұлы Жанның тәрбиесіне ерекше мән береді, оның бойында жауапкершілік, тәртіп және мақсатқа ұмтылу сияқты қасиеттерді қалыптастыруды маңызды санайды.

Руслан Андреевичтің еңбегі мемлекеттік қызметке деген адалдықтың, кәсібиліктің және жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады. Оның еңбегі мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Еркін ҚАБЫШЕВ,
Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары –
Әдеп жөніндегі уәкіл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар