«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру мәселелері қаралды

Облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында маңызды іс-шара өткізді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосқан жиында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың өзекті мәселелері, оны енгізудің әдістемелік тәсілдері, сондай-ақ, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты бағыттары жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында өңірде осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, қабылданған шаралардың тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелері сараланды. Сонымен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, құқық тәртібін нығайту бойынша алдағы кезеңге арналған бірлескен міндеттерді айқындады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар