Медицина саласының ардагері, Сандықтау ауданының белсенді тұрғыны Ақтамақ Кәрімжанова бұл жолы да сайлау учаскесінде көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Ол жыл сайын өзінің жарқын ұлттық нақыштағы киімімен және қазақтың дәстүрлі киімдеріне деген сүйіспеншілігімен айналасындағыларды тәнті етіп келеді.
Бүгін Ақтамақ Кәрімжанова Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін №603 сайлау учаскесіне келді. Ол үшін сайлауға қатысу — тек азаматтық міндет қана емес, сонымен қатар елдің болашағына өз үлесін қосу мүмкіндігі.
«Мен әрдайым сайлауға ұлттық киіммен келуге тырысамын. Бұл — халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметімнің белгісі. Бүгін еліміздің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Баршаңызға бейбітшілік, амандық, береке және өркендеу тілеймін», — деді Ақтамақ Кәрімжанова.
Оның бүгінгі бейнесі ұлттық дәстүрге деген құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымның өзара үйлесім табатынын тағы бір мәрте көрсетті.
Сандықтау ауданы
![]()

