МЕН «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕНМІЗ – ЕҢ АЛДЫМЕН, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЕКЕНІН ҮНЕМІ АЙТЫП ЖҮРМІН. БІЗ ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАП, ӨСІП-ӨРКЕНДЕГЕН, АБЫРОЙ – БЕДЕЛІ ЖОҒАРЫ ӘРІ ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ ДЕП САНАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. ОСЫ МАҚСАТҚА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАП, ПАРАСАТТЫ, ДАНА ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТУІМІЗ КЕРЕК!
(Қазақстан Республикасының Президенті ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінен. 20 қаңтар, 2026 жыл.)
«ДАНА ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТУІМІЗ КЕРЕК!»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бір айтқан сөзіне орай күні кешегі, яғни, 2026 жылғы 23 тамыздағы Құрылтай сайлауының алдын ала жария болған нәтижесі бойынша айтар болсақ, Қазақстан халқы өздерінің даналық қасиеттерін тағы бір айқын көрсете алды!
Қазақ елінің тарихында Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей ұсынысымен бұрынғы қос Палаталы Парламенттің Мәжіліс пен Сенаттың орнына бірпалаталы Құрылтай сайлауының депутаттарын сайлаудың жоғары деңгейде қазақстандықтардың белсенділік жағдайында абыройлы өтуі бұл біздің Қазақ елінің, оның халқының және Мемлекет басшысының абыройы!
Абырой емей немене, қазірден бастап Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты алыс-жақын мемлекеттердің басшылары Құрылтай сайлауының ойдағыдай өтуімен құттықтап та жатыр.
Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясының алдын ала берген деректері бойынша елімізде тұңғыш рет өткізілген Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 миллион 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс беріпті. Осындағы мәлімет бойынша, 2026 жылғы 23 тамыз күнгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша алдын-ала жүргізілген есеп бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауға сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысыпты.
Және де ең маңыздысы сол, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстандағы 10 мыңнан астам сайлау учаскесінің ешқайсында қоғамдық тәртіптің өрескел бұрмалануы тіркелмепті. Яғни, Құрылтай депутаттарын сайлау Заң мен Тәртіп қағидатына сәйкес өте жоғары деңгейде өткендігін көрсетсе керек. Және де халықаралық сарапшылар мен бақылаушылар сайлау барысында заң бұзушылықтар болмағандығын айтып та жатыр.
«ӘDILET» партиясының Ақмола облыстық филалы жанындағы қоғамдық штабтың бір мүшесі ретінде айтарым, Құрылтай депутаттарын сайлау біздің Ақмола-Көкшетау өңірлерінде де өте жоғары деңгейде өтті. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болып, алдын ала жүргізіліп жатқан есеп бойынша Ақмола облысы бойынша дауыс беру 82,69 пайызды құрады!
Иә, Қазақстан үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарының сайлауы аяқталды. Бұл сайлау азаматтардың ел өміріне қатысуы, өз таңдауын білдіруі және қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын көрсетуі тұрғысынан маңызды кезең болды. Сайлаудың нәтижесімен бірге, қоғамдық санаға әсері де орасан болғандығы назар аударуға тұрарлық еді.
Құрылтай сайлауына дайындық және оны өткізу барысында халқымыздың еліміздің бүгіні мен ертеңіне деген нық сенімдерін көру бір ғанибет еді!
Құрылтай сайлауына дайындық және оны өткізу барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген халқымыздың алқаусыз адал да риза көңілдерін, алғыстарын білдіріп және тамаша адами қасиетін айтып мақтан ететіндіктерін, сенетіндіктерін айтып, «біздің Тоқаев» деп әркімнің жанына жақын тұта сөйлеулерін де есту үлкен бір ғанибет еді!
Құрылтай сайлауына дайындық және оны өткізу барысында қазақстандық қоғамның Адалдық пен Әділдікке, Заң мен Тәртіптің үстемдік құрарына берік сенімді екендіктерін де көру бір ғанибет еді!
Құрылтай сайлауына дайындық және оны өткізу барысында халқымыздың Президентіміздің тікелей бастауымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы ол тек қана табиғат пен қоршаған ортаны ғана таза ұстау емес, бұл адам баласының жан тазалығы мен ар тазалығын да қоса таза ұстаудың мәңгілік жүргізілетін шара екендіндіктерін ұғынып, осы шараға еңбектеген кәріден бастап, балаға дейін, әсіресе, жастарымыздың белсене қатысып жүргендіктерін көру де көңілге ғанибет еді!
Құрылтай сайлауына дайындық және оны өткізу барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласында (20 қаңтар 2026 жыл) өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында: «ЕҢ БАСТЫСЫ ҚОҒАМ ӨЗГЕРДІ, РЕФОРМАЛАРЫМЫЗ ТҰРАҚТЫ СИПАТҚА ИЕ БОЛДЫ, ХАЛЫҚТЫҢ САНА-СЕЗІМІНДЕ ҮЛКЕН БЕТБҰРЫС ЖАСАЛДЫ», – деп айтқан пайымды пікірінің ақиқатқа айналғаны да бір ғанибет!
Құрылтай сайлауы өтті! Құрылтай депутаттары кім болатындықтары да көп ұзамай белгілі болары анық! Алда – аса маңызды елдік мүдделер тұр!
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
қоғам және мемлекет қайраткері,
I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері,
Ақмола облысының құрметті азаматы.
![]()

