Осы айдың аяғында толық пайдалануға беріледі

Жол жөндеу

Көкшетау қаласының іргесіндегі Садовое ауылынан облыс орталығының құрамына кіретін Краснояр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Бұл жол төсемін тегістеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын.  Жаз мезгілінде ол одан әрі жалғаса түсті. Қазір белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде, – дейді бұл жөнінде Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жұмабек Хайролла.

Бүгінде жол бойында 50-ге жуық адам және 20-дан астам арнайы техника – асфальт төсегіштер, жол катоктары мен жүк көліктері жұмыс істеуде. Жолдың шұңқырлы және отыратын учаскелері тегістеліп, негізіне ресайклинг әдісімен өңдеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтбетон жабынының екі қабаты төселді.

Мердігер ұйым – «Көкшетау жолдары» ЖШС өкілдерінің айтуынша, асфальт төсеу жұмыстары апта соңына қарай аяқталады. Ал, жол жиектерін нығайтуға қатысты қалған жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Қазірдің өзінде аталған жолдың қайта жаңартылуы тұрғындар көңілінен шығып, оның толық іске қосылуы асыға күтілуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар