Арланның жеңісі

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Ақмола облысының өкілі Арлан Жаңабай триатлоннан қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын. Осыған орай, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақмола спортшысы Арлан Жаңабайды ХХ жазғы Азия ойындарындағы қола медалімен құттықтап, ризашылығын білдірді.

Құрметті Арлан! Сізді Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында қола медаль иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

— Сіздің сәтті өнер көрсетуіңіз жоғары спорттық шеберлігіңіздің, қайсарлығыңыз бен табандылығыңыздың, сондай-ақ, таңдаған ісіңізге деген адалдығыңыздың айқын дәлелі болды. Сіз халықаралық спорт аренасында Қазақстан мен Ақмола облысының намысын абыроймен қорғадыңыз.

Біз, ақмолалықтар, Сіздің жетістігіңізді мақтан тұтамыз. Бұл жүлде спорт қауымдастығы үшін ғана емес, облысымыздың барлық тұрғындары үшін де елеулі оқиға болды. Сіздің жетістігіңіздің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, табандылық және өз күшіңізге деген сенім тұр.

Сіздің бұл нәтижеңіз Ақмола облысының жас спортшыларына зор шабыт беріп, жаңа биіктерді бағындыруға жігерлендіреді және өңірдегі спорттың одан әрі дамуына серпін береді деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат, жаңа спорттық жетістіктер мен Қазақстанның мерейін үстем ететін жарқын жеңістер тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар